Ғылым және жоғары білім министрлігі сараланған білім грантын беру қағидасын дайындады

814

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі сараланған білім грантын беру қағидасын дайындады Фото: Хабар24

Ғылым және жоғары білім министрлігі тиісті құжат жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Жария талқылауға ұсынылған жобада базалық, "Дарын" "Қамқор" гранттарының мемлекеттік білім бер тапсырысындағы үлесі көрсетілген.

"Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу сараланған гранттың түрлері бойынша мынадай арақатынастарда жүзеге асырылады:

- базалық гранттардың жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 50%-ы;

- "Дарын" гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің 10%-нан аспайды;

- "Қамқор" гранттарының жалпы саны –мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 30%-ы", - делінген құжатта.

Құжатты жария талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу