Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

487

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін тәмамдаған.

  • 2015-2016 жылдары "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
  • 2016-2022 жылдары — "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры.
  • 2022 жылы "Qazinnovations" иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
  • 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып жұмыс атқарды. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу