Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
- 2004-2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман.
- Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
- 2011-2018 жылдары – "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары.
- 2018-2019 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.
- 2019-2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.
- 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу