Ведомствоның мәліметінше, "Ғылым қоры" АҚ қолдау көрсететін жобалардың басты талабы – ғылыми әзірлемелерді бизнес өкілдерімен бірлесіп жүзеге асыру және жеке инвесторлардың міндетті түрде қоса қаржыландыруы.
Жобаларды іске асыруға жеке сектордан шамамен 28,2 млрд теңге тартылған. Ал бюджетке салық түрінде 13,5 млрд теңге түсті.
Министрліктің мәліметінше, коммерцияландыру жобалары аясында 2,4 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар 40,1 млрд теңгеге негізгі құралдар сатып алынған. Экспортқа шығарылған өнімнің жалпы көлемі 1,6 млрд теңгені құрады.
Ведомство бизнес өкілдері жобаларды қаржыландырумен ғана шектелмей, ғылыми әзірлемелерді нарыққа шығару үшін өндірістік базаларын, зертханалары мен дистрибьюторлық желілерін де пайдалануға беретінін атап өтті.
Жалпы, қолдау тапқан жобалардың ғылыми-техникалық дамуға қосқан жиынтық үлесі 147,2 млрд теңгеге бағаланып отыр. Бұл көрсеткішке сату көлемі, жеке қаржыландыру, салық түсімдері және негізгі құралдарға жұмсалған қаражат кіреді.