Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

697

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды.   

Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды Фото: ernur.kz

Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді, деп жазады inbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына қатысқан министр Саясат Нұрбектің айтуынша, ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімдерді қоғамдық кеңес талқылауынан өтеді.

Отырысқа қоғамдық кеңестің 17 мүшесінің 11-і офлайн, 6-уы онлайн қатысты. Дауыс беру арқылы ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері Серік Ырсалиев қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.

Ақпаратқа сәйкес, министрліктің салалық бағыты ескеріліп, 5 комиссия құрылды. Олардың төрағалары сайланды.

"Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми кеңесшісі Жасұлан Шаймарданов;

Бюджет мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова;

Ғылым мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Күнсұлу Закария;

Жоғары білім мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып азаматтық қоғам өкілі Амантай Нұрмағамбетов;

Тіл саясаты мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова сайланды.

Сондай-ақ, 3 жылға сайланған Қоғамдық кеңестің төралқасы бекітілді" делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу