Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ғылымды қаржыландыру кейінгі үш жылда 3 есеге артты. Бұл қарқын 2021 жылдан басталды және оны жалғастырып келеміз. 2020 жылы 80,2 млрд теңге болса, биыл 172,8 млрд теңге қарастырылды", – деді министр.
Ведомство басшысы алдағы уақытта да салаға бағытталған қаржы көлемі ұлғаймақ.
"Ғылым саласына 2024 жылы 247 млрд теңге, 2025 жылы 243 млрд теңге бөлінеді. Сондықтан, осы қарқынмен жалпы ішкі өнімге шаққандағы ғылымды қаржыландыру үлесін арттырамыз", - деді Саясат Нұрбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу