Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Atameken Business телеарнасының "Exclusive" бағдарламасында ғылымды қолдаудың жаңа тетігі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр Сенаттың қарауында жатқан "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасындағы негізгі өзгерістердің біріне тоқталды.
Халықаралық тәжірибеден алынған үлкен тетіктің бірі – салықтық шегерімдер.
"Ең дамыған елдерде – Оңтүстік Корея, Жапония, Израиль, Финляндия, Швейцария, АҚШ-та және Сингапурда осындай арнайы механизм қолданылады. "Супершегерім" деп аталады. Яғни өндірістік компания енді инновацияға өз өндірісінің әлеуетін көтеру үшін ғылыми-зерттеу институттарымен немесе ЖОО-мен бірігіп жасаған инвестицияға 100%-ға салықтық жеңілдік беріледі. Сол инвестициялардың нәтижесінен шыққан жаңа инновациялық өнім, қосалқы үлес немесе қызмет шыққан жағдайда тағы да 50%, яғни мемлекет тарапынан 150%-дай жеңілдік беріледі", - деді ведомство басшысы.
Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл механизм бұрын-соңды елімізде қолданылмаған.