Ғылымды коммерцияландыруға 17 млрд теңге бөлінді

689

Ғылыми жобалардың басым бөлігі импорт алмастыру бағытталған.

Ғылымды коммерцияландыруға 17 млрд теңге бөлінді

Бұл 2016-2018 жылдар аралығында жұмсалған ақша. Оның 16%-ы немесе 3 млрд теңгесі бизнесмендердің қалтасынан шыққан. 

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің баяндауынша, елімізде өнертапқыш көп, алайда инновациялық идеялардың қолданысы жоқ. 

"Инноваторлардың барлығы идеяларының жемісін жеп жатыр деп айта алмаймыз. Себебі біз білмейтін, естімеген, көрмеген жобалар бар. Олардың насихаты, жарнамасы жоқ. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз таланттарды, озық ойлы адамдарды табу, олардың ғылыми жаңалығын халыққа таныту және қаржыландыру",– деді "Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнес интеграциясының құралы" атты V халықаралық форумда вице-министр.

Рүстем Биғаридің сөзінше, осыған дейін жүзеге асырылған жобалардың басым бөлігі импорт алмастыруға, қалғаны экспортқа бағытталған. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу