Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы ұлғайып барады

Ұлттық ғылыми-білім беру орталығында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар саны – 607 қызметкер. Яғни, бұл барлық қызметкерлер санының 8 пайызын құрайды. 

Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы ұлғайып барады Фото: liter.kz

Бұл туралы аграрлық Сенатта өткен Үкімет сағатында депутат Өтеғұлов Арман мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінде жоғары білікті жас кадрлардың - ғылыми қызметкерлердің, көмекші және техникалық персоналдың тапшылығы бар. Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы ұлғайып бара жатқаны қоғамда жиі айтылуда. Бұл да үлкен проблема. Мысалы, Ұлттық ғылыми-білім беру орталығында    35 жасқа дейінгі жас ғалымдар саны – 607 қызметкер. Яғни, бұл барлық қызметкерлер санының 8 пайызын, ал ғылыми қызметкерлер санының 21,6 пайызын ғана құрайды", – деді сенатор.

Айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бір өткір мәселе – ол –  кадрлар даярлау. 2022 жылы ЖОО 2400-ға жуық, колледждерде 7,5 мың адамды даярлап шығарған.

"Алайда, нарықты кадрмен қамтамасыз ету әлі шешілмей отыр. Бүгінде, кәсіпорындар дайындаған кадрларға  көңілі толмай, шетел мамандарын тартуда. Мамандықтар бойынша конкурстан өту балы соңғы жылдары өте төмен, тіпті бөлінген гранттардың игерілмей қалу фактілері де жетерлік", – деп түйіндеді сенатор.

Сондықтан от мұның себептерін атады. Мәселен:

  • аталған мамандықтарға білімді түлектердің  қызығушылығының жоқтығы, себебі – еңбекақының төмендігі;
  • оқушылардың, соның ішінде қыз балалардың мамандықты толық меңгермей, тек диплом алу мақсатында оқуға түсу жағдайы;
  • мамандыққа бағдарлау жұмыстарының әлсіздігі, жоқтығы, қолға алынбағандығы тағы бар.

"Жалпы аталған пікірлерді анықтау үшін 10-11 сыныптар арасында сауалнама жүргізіліп, 100-ге жуық адам қатысты. Көрсеткіштер он адамның ішінен деп санағанда келесідей болып шықты: Ұсынылған 7 - саланың ішінен 10 адамның біреуі де ауыл шаруашылығы саласын таңдамаған. Ал, 10 адамның 7-еуі жұмысқа ауылға баруға дайын екендігін білдірсе, оның өзі 2-3 жыл қызмет етіп, өссем деген шартпен таңдаған мамандар", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу