"Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеуге қатысуға ниетті үміткерлер құжаттарын 2026 жылғы 13 қарашаға дейін тапсыра алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орталықтың мәліметінше, өтінім қабылдау мерзімі қосымша ұзартылған. Құжаттарды тапсырудың екі жолы қарастырылған:
Онлайн: eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
Офлайн: Астана қаласындағы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ кеңсесіне жеке бару арқылы.
Құжат қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70, "Сығанақ" бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинет.
Бағдарламаға қатысу шарттары, қажетті құжаттар тізімі және өзге де мәліметтерді орталықтың ресми сайтынан білуге болады.