Ғылыми зерттеулер саласындағы қызмет көлемі артты

541

Көрсеткіш бір тоқсан ішінде 24 млрд теңгеден асты.

Ғылыми зерттеулер саласындағы қызмет көлемі артты Фото: pixabay.com

Осы жылдың I тоқсанында экономиканың бақыланбайтын секторын ескере отырып, ғылыми зерттеулер саласындағы қызмет көлемі 24,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімне қарағанда ақшалай мәнде 92,1 пайызға, нақты мәнде 67,8%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Экономиканың бақыланбайтын секторының қызметтерін есепке алмағанда сектордағы қызмет көлемі 24,5 млрд теңгені құрады, бір жылдағы өсім –   91,2%.

Зерттеулердің негізгі көлемі Алматы мен Астанаға тиесілі: 10,1 млрд және 6,7 млрд теңге. Сондай-ақ Маңғыстау (1,5 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (1,3 млрд теңге), Абай (1,1 млрд теңге) және Қарағанды (1,1 млрд теңге) облыстарында ғылыми жұмыстарға айтарлықтай қаржы жұмсалды.

Ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер саласындағы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 326,6 мың теңгені құрады. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 4,1%-ға аз. Бір жылдағы өсім 23,1% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу