Ғылыммен айналысатын жастар жұмыссыз қалмайды – Жанна Құрманғалиева

808

2025 жылға қарай еліміздегі ғалымдардың саны 1,5 есе ұлғайып, 34 мың адамға жетеді. 

Ғылыммен айналысатын жастар жұмыссыз қалмайды – Жанна Құрманғалиева

Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева осындай жоспар бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"2020-2021 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі 2 есеге ұлғайды. Биыл қаржыландырудың жалпы көлемі 83 млрд теңгеден асады. Нәтижесінде  былтыр ғылым комитеті 5 грант, 2 бағдарламалық конкурс жариялады. Қазіргі ел аумағында 1 164 жоба қаржыландырылып жатыр", – деді Жанна Құрманғалиева. 

Комитет төрағасы ғылыммен айналысатын жастар жұмыссыз қалмайтынын айтты. 

"Президент былтырғы жолдауында жыл сайын жас ғалымдарға кемінде 1 мың грант бөлуді тапсырған болатын. Жақын арада конкурс жарияланады. Жыл сайын постдокторантураға PhD қорғап шыққан жас ғалымдарға 3 жылдық грант бөлінеді. Гранттардың құны 24 млн теңгені құрайды. Жас ғалымға кемінде 1 мың доллардай стипендия төленеді, қалғаны ғалымға жетекшілік ететін ғылыми ұйымға тиесілі болады. Бұл ретте екі шарт бар: жас ғалымның сол институтта немесе жоғарғы оқу орнында жетекшісі және шетелде мықты, тәжірибелі ғылыми кеңесшісіболуы керек. Сондай-ақ  ғылымда қалуға талпынысы, жоспары, іске асыратын ғылыми идеясы болуы шарт. Ғылыммен айналысатын жастар жұмыссыз қалмайды", – деді Жанна Құрманғалиева. 

Бұдан кейін ол мемлекет жас ғалымдарды қолдауға ерекше назар аударып жатқанын жариялады. 

"Бүгінгі таңда іске асырылып жатқан 315 жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 3 жылға 17,8 млрд теңгені құрайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Жас ғалымдар болашағына, ғылыми әлеуетіне сенетін болса, кемінде 500 ғалым жыл сайын ғылым әлемінің ең мықты ғылыми институттарында ғылыми тағлымдамадан өте алады. Конкурс 28 қазанға дейін өтеді. "Болашақ" бағдарламасы арқылы кез келген ғалым, жас шектеуі жоқ, шетелде тағлымдамадан өте алады", – деді Жанна Құрманғалиева. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу