Newsach/Dwach Telegram арнасы жазғандай, сот Кэтлин Фолбиггті балаларды өлтіргені үшін 40 жылға соттады, дегенмен әйелге қарсы тікелей дәлелдер болған жоқ және ол 20 жыл бойы өзінің кінәсіздігін айтумен болды, деп жазады Inbusiness.kz.
Белгілі болғандай, 1989 жылдан 1999 жылға дейін Кэтлин Фолбигг төрт баласынан айырылды. Нәрестелердің барлығы 19 күннен бір жарым жасқа дейін ғана өмір сүрген. Олардың денелерінде ешқандай жарақат, патология немесе зорлық-зомбылық іздері байқалмаған. Төртінші жағдайдан кейін әйелді құқық қорғау органдары шақыртты. Олар жанама дәлелдерге сүйенді, мысалы, анасының кемшіліктері туралы жазған күнделіктен бастап, жұбайын өлтіруші деп санайтын күйеуінің сөзіне дейін.
Бірнеше жыл бұрын әйелдің адвокаттары қайта тергеуге қол жеткізіп, ғалымдарды істі зерттеуге шақырды. Олар Кэтлин ДНҚ-сында жүректің кенеттен тоқтап қалуына әкелетін сирек кездесетін генетикалық мутацияны тапты. Дәл осындай ауытқулар әйелдің қайтыс болған екі қызының биологиялық материалдарынан табылды. Екі ұлда басқа мутация табылды.
Ғылыми зерттеудің нәтижесі арқасында әйелге рақымшылық жасалып, ол бірер күнде түрмеден шығуы тиіс.