Ғылымның барлық проблемалық мәселесін бір заң жобасында қамту мүмкін емес – Еділ Мамытбеков

881

Сенатта ғылым туралы заң жобасы қаралды. 

Ғылымның барлық проблемалық мәселесін бір заң жобасында қамту мүмкін емес – Еділ Мамытбеков

Депутат Еділ Мамытбеков құжатта отандық және шетелдік сарапшылардың бірыңғай базасын құру нормасы көзделгенін, сонымен қатар ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру процесі мемлекет тарапынан бюджеттік қаржыландыру саласына тартылғанын айтты.

Оның сөзінше, бұл бастама  тиімді гранттық қаржыландыру мен ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды қолдау үшін қажет.

"Ғылымның барлық проблемалық мәселесін бір заң жобасында қамту мүмкін емес. Жеке нормалар нүктелік сипатқа ие. Атап айтқанда, ұғымдық аппарат нақтыланды. Үкіметтің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру қағидаларын бекіту өкілеттігі кеңейтілді. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіру бөлігінде ғылым жөніндегі уәкілетті органның жекелеген функциялары мен міндеттері қайта қаралды. Үкімет жанындағы жоғары ғылыми-техникалық комиссияның, Ұлттық ғылыми кеңестердің міндеттеріне өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзыреті кеңейтіліп жатыр", – деді депутат. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу