"Жаңа энергия - Жаңа экономика" - бүгін осындай ауқымды тақырып шеңберінде елордада 10-шы Астана экономикалық форумы басталады. Шараға 100-ге таяу елден 5 мыңға тарта делегат келген. Қатарында Питер Томсон, Әли Себаа әл-Марри, Йохон Бердманн сынды әлемге әйгілі экономистер мен бизнесмендер, Нобель сыйлығының лауреаттары және белді саясат тұлғалары да бар. Қазір жаһандық экономика, саясат, инвестиция тақырыптары бойынша 20-ға тарта панельдік сессия жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу