Х қысқы гимназиада: үздік командалар анықталды

1396

Жарысқа 1 300 оқушы қатысып жатыр. Олар 8 спорт түрі бойынша бағын сынайды.

Х қысқы гимназиада: үздік командалар анықталды

Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасында жеңіске жеткен командалар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қысқы гимназиада Нұр-Сұлтан мен Петропавлда өтіп жатыр. Жарыс 13 наурызда аяқталады. 

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысушыларға құттықтау хатын жолдады, ал білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларға сәттілік тіледі.

Бүгін конькимен сырғанау, биатлон, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, президенттік көпсайыс жарыстары өз мәресіне жетті.

Конькимен сырғанаудан командалық есепте ұлдар арасында Алматы қаласы, қыздар арасында Солтүстік Қазақстан облысы көш бастады. Мәнерлеп сырғанау жарысының үздік командасы – Алматы қаласының құрамасы. Шайбалы хоккей мен биатлоннан Ақмола облысының спортшылары үздік атанды. Қысқы президенттік көпсайыс бәсекесінде ұлдар арасында Ақтөбе облысы, қыздар арасында Солтүстік Қазақстан облысы мықты екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар бүгін оқушылар қысқы спорттық бағдарлау мен шаңғы тебуде бағын сынайды. 

Соңғы сайыс – шорт-трек (9-13 наурыз). 

Қысқы гимназиада 8 спорт түрінен өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу