H&M Қазақстанда 4 миллиард теңге табыс тапты

953

H&M Қазақстанда 4 миллиард теңге табыс тапты

Қазақстандағы H&M бутиктер желісінің 2017 жылдың желтоқсаны – 2018 жылдың мамыры аралығындағы сатылымдары 4 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды LS-ке сілтемемен 7kun.kz.

Сонымен қатар, бір жыл бұрын дәл осы мерзім ішінде аталмыш бренд дүкендері 1,7 млрд теңгеге тауар сатқан болатын. Бұл жылы көрсеткіш 2,4 есе өсті. Оған қоса бутиктердің 2017 жылдың наурызында ашылғанын ескерсек, 2017 жылы тек наурыз-мамырдағы нәтижелер ғана есепке алынған.

Компания деректеріне сәйкес, соңғы алты айда 127 жаңа бутик ашылып, 65 сауда нүктесі жабылған.

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі 4,8 мың дүкеннің жалпы сатылымы 4,4 трлн теңгені құрады. 2017 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда сатылым мөлшері өзгеріссіз қалды. Алайда 2018 жылдың І тоқсанында H&M басшылығы сатылымның 5%-ға қысқарғанын мәлімдеген болатын.

Компания ақпараты бойынша, табыстың қысқаруы сатылымның төмендеуі мен үлкен көлемде бағаның кемітілуіне байланысты. Біраз уақыт бұрын компания өкілдері сатылым көрсеткіштерінің төмендігі тауар сұрыптамасындағы теңсіздік салдарынан орын алғанын, сондай-ақ ұзаққа созылған қыс-көктемгі киім сатылымын төмендетіп жібергенін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу