Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанның үш спортшысына қатысты допинг-сынамаларының қорытындысын шығарды.
Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова 8 жылға спорттан шеттетілді. Ал Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2 жыл жарыстарға қатыспайды. Бұл шешім спортшылардың қанынан допингтің бар екені анықталғаннан күннен бастап есептеледі.
Мұны ескеретін болсақ, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2018 жылдың маусым айынан бастап жарыстарға қатыса беруіне мүмкіндіктері бар. Ал Светлананың 7 жылдан кейін спортқа оралып, жарыстарға қатысуы екіталай.
Спортшылар жарыстардан шеттетіліп қана қоймай, осыған дейінгі рекордтары мен чемпиондық атақтарын кері қайтарады.
Автор: Еркін Шәкірұлы