"Хабар" агенттігі мемлекетке дивиденд төлеуге міндеттелді

548

Тиісті Үкімет қаулысы жарияланды.  

"Хабар" агенттігі мемлекетке дивиденд төлеуге міндеттелді Фото: 24.kz

"Хабар" агенттігі 2019 жыл үшін мемлекетке дивиденд төлеуге міндеттелді, деп жазады inbusiness.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы"  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысы 2-1-тармақпен толықтырылған.

"2-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы 2019 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді", - деп жазылған үкімет қаулысында.

Құжатқа осы жылдың 4 қарашасында қол қойылған. Бірақ қаулы 2020 жылғы 23 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілетіні көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу