Хабиб Нұрмагомедов әкесінің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді

576

Танымал спортшы дағыстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды. 

Хабиб Нұрмагомедов әкесінің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді

Ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедов өзінің инстаграмдағы парақшасында коронавирус пандемиясына байланысты дағыстандықтарға үндеу жолдап, әкесінің жағдайы туралы айтты. 

Спортшы Дағыстандағы ауруханалар лық толы екенін жазып, халқын бірлікке карантин ережелерін орындауға шақырды. 

"1-2 күнде Ораза-Байрам басталады. Бұл мерекеде біз қонаққа барып, оларды қабылдап, мерекелік намазға баратынбыз. Бармаңыздар, өтінемін ... Менің 20-дан астам  туысым жансақтау бөліміне түсті. Олардың көпшілігі енді біздің арамызда жоқ", – деп жазды. 

Сонымен қатар Хабиб Нұрмагомедов әкесінің жағдайы ауыр екенін айтты.

"Интернетте әкем туралы көп жазуда. Ол қазір ауруханада. Жағдайы өте ауыр. Вирустың кесірінен жүрек сырқаты асқына бастады. Біз бір жыл бұрын оның жүрегіне ота жасаттық. Оған тағы да ота жасалды. Бұл қиын жағдайда. Алладан оны бізге қайтаруын сұраймыз. Жазған, қолдаған, Алла Тағаладан денсаулығының  қалыпқа келуін сұрайтындардың барлығына үлкен рақмет! Алла бәрімізге көмектессін", –  деп жазды MMA шебері. 

Фото: sensum-club.pro

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу