"Ұтысқа 2019 жылғы жүздеген Toyota Camry автокөлігі мен ақшалай сыйлық тігілген. Олардың біріне ие болу үшін қысқа сауалнамадан өту керек. Сілтемесі көрсетілген сайт фишингтік болып табылады. Демек, пайдаланушылар порталда жазған деректердің барлығы үшінші тұлғаларға белгілі болады. Осылайша, алаяқтар өз құрбандарының жеке ақпаратына, төлем деректері мен жеке аккаунттарына қолжеткізе алады", – деп жазады stopfake.kz.
Алаяқтар атақты спортшының атынан алғаш рет алдап отырған жоқ. 2019 жылы KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі алаяқтықтың осындай түрі туралы ескерткен болатын.