Хабиб Нурмагомедов Ресейге 309,7 миллион рубль қарыз

412

Ресейдің ең танымал әрі ауқатты спортшыларының бірі Хабиб Нурмагомедов Ресей Федерациясының салық органдарына қомақты сома — 309,7 миллион рубль қарыз. 

Хабиб Нурмагомедов Ресейге 309,7 миллион рубль қарыз Фото: © Carmen Mandato / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Бір ай бұрын ғана, Mash Telegram Channel хабарлағандай, бұл сома 3,5 миллион рубльге аз болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Спортшының үлкен қарызы туралы жаңалық бірнеше ай бұрын пайда болды. Содан бері спортшы қарызды өтеу керек болған, бірақ әлі күнге дейін ешқандай төлем жасалған жоқ.

Спортшының туыстары да салық төлеуден жалтарған. Салық салушылар жауынгердің екінші немере ағасы Омарға тиесілі екі компанияның шоттарын бұғаттап қойған болатын. Оған құрылыс фирмасы мен шаруа-фермерлік шаруашылық тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу