Хабиб Нурмагомедов ұшақта болған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

225

Ресейлік спортшы бортсеріктің өте дөрекі болғанын айтады.

Хабиб Нурмагомедов ұшақта болған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады Фото: Риа Новости

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов 13 қаңтарда Frontier Airlines әуе компаниясының бортсерігімен болған келеңсіз жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ол кісі басынан-ақ өте дөрекі болды. Мен ағылшын тілін жақсы түсініп, дұрыс сөйлесетініме қарамастан, ол мені орнымнан тұрғызып жіберуге барынша тырысты. Мұндай әрекетінің себебі неліктен болғанын нақты айта алмаймын. Мүмкін, нәсілшілдік, ұлттық немесе басқа бір нәрсе болуы да мүмкін. Қысқа әңгімеден кейін ол қауіпсіздік қызметін шақырып, мені ұшақтан шығарып жіберді. 1,5 сағаттан кейін басқа ұшаққа отырып, межелі жеріме ұшып жеттім. Мен сабыр сақтап, арандатуға берілмеу үшін барымды салдым. Менің ойымша, адамдар мейірімдірек болуға тырысуы керек", – деп жазды Хабиб Нурмагомедов.

Айта кетейік, бұған дейін спортшыны АҚШ-та ұшақтан түсіріп кеткені туралы жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу