Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі қайтыс болды

1136

Оның жасы 57-де болатын.  

Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі қайтыс болды

Бұл қаралы хабарды Рамзан Қадыров өзінің Telegram желісіндегі парақшасында жазды. Әзірге өлім себебі белгісіз. Бұған дейін UFC чемпионы Инстаграм желісіндегі парақшасында әкесінің коронавирусқа шалдыққанын растаған. Абдулманап Нұрмагомедов бір жыл бұрын жүрегіне ота жасатқандықтан індет асқынып кеткен. Ол Мәскеу ауруханаларының бірінде ем қабылдап жатқан болатын.

Еске сала кетсек, Хабиб Нұрмагомедов әкесі жаттықтырған 2009, 2010 жылдары UFC спорты бойынша Ресей чемпионы, самбодан әлем чемпионы атанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу