Хайбуллин көпсайыстан қытайдағы турнирдің финалына жолдама алды

1275

Бұл күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында спорттық құзға өрмелеуден China Open турнирі өтуде.  

Хайбуллин көпсайыстан қытайдағы турнирдің финалына жолдама алды

Аталған сынға Қазақстан сапынан Ришат Хайбуллин қатысып жатыр деп жазады Olympic.kz. 

Көпсайыстан іріктеу турнирінде Ришат 56 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Ол Канада және Жапония спортшыларын алға жіберген.  Финалдық кезең 2 қарашаға жоспарланған. 

Айта кетелік, Ришат Хайбуллин биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу