Хайнаньда Боао Азия форумы басталды

537

Биыл Хайнандағы Боао форумы ынтымақтастық ұранымен өтеді.  

Хайнаньда Боао Азия форумы басталды Фото: bigasia.ru

ХХІ Боао Азия форумы (БАФ) сейсенбіде Хайнань аралында кең аймақтық және халықаралық күн тәртібін талқылауға арналған жыл сайынғы іс-шаралар сериясын өткізе бастайды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жолы БАФ "Белгісіздік алдындағы әлем: аласапыран кезіндегі ынтымақтастық пен серіктестік, даму жолындағы ашықтық пен инклюзивтілік" ұранымен өтеді.

Форум төрт күн бойы жалғасады, оның барысында 50-ге жуық іс-шара өтеді. Соның 35-і журналистер үшін ашық болады. Әдеттегідей форум баспасөз конференциясынан басталады, онда ұйымдастырушылар Азия аймағының дамуы туралы талдамалық баяндама ұсынады.

БАФ-тың негізгі бөлігінің ашылу салтанаты үшінші күні - 30 наурызда өтеді, оған ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жаңа премьері Ли Цян, басқа елдердің үкімет басшылары мен ірі халықаралық ұйымдар қатысады. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин БАФ қатысушылары алдында сөз сөйлейді деп күтілуде.

Форум аясында "экономикалық даму және қауіпсіздік", "туризм", "жасыл қаланы дамыту", "денсаулық" және "ғылыми-техникалық инновациялар" сынды тақырыптарда конференциялар өтеді.

Сондай-ақ климаттың өзгеруіне жаһандық ден қою, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және "Белдеу және жол" бастамасының жоғары сапалы құрылысы мәселелері қозғалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу