Белгілі футболшы Нұралы Әліп өзінің сұхбатында Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналистің әрекетін хайпқа теңеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1bol.kz сайтының Instagram-дағы парақшасындағы осы жаңалыққа белгілі актер Нұрлан Қоянбаев пікір қалдырып, футболшының сынға алды.
"Қазақстанда журналист қазақша сұрақ қойса, ол "хайп" емес. Мысалы, Германияда Испаниядан келген бапкерге неміс тілінде сұрақ жолдаса ол "хайп" емес. Өйткені ол Германияда жүрген жаттықтырушы", - деді Нұрлан Қоянбаев футболшыны белгілеп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу