Хайуанаттар бағында қызықты экологиялық бастама қолға алынды

Акция арқылы алматылық тұрғындар қолданылған шыршаларды тапсырып, жануарлардың өмір сүру жағдайын жақсартуға үлес қоса алады.  

Хайуанаттар бағында қызықты экологиялық бастама қолға алынды Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Осылайша, Алматы хайуанаттар бағы табиғи жаңа жылдық шыршаларды қабылдауға арналған экологиялық бастаманы қолға алып отыр. 

– Жиналған шыршалар жануарлар мекендейтін қоршауға қойылады. Олар бұғы, елік, кермарал, қабан және өзге де жануарлардың тіршілік ортасын байыту мақсатында пайдаланылады.

Мұндай табиғи нысандар жануарлар үшін қызықты: олар ағаштарды иіскеп, тістелеп, сүйкеніп, қабығын зерттеп, белсенділігін арттырады. Бұл күнделікті өміріне әр беріп, күйзелісті төмендетуге көмектеседі, – деп жазылған мәліметте. 

Аталған акция экологиялық әрі тәрбиелік мәнге ие. Ол табиғатты қорғау мен саналы тұтыну жайлы ойланып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу