Хайуандарды аулау мен жоюға бөлінетін қаражат көлемі 53%-ға өскен

628

Қаңғыбас жануарлардың санын азайту мәселесі шешілмей тұр.

Хайуандарды аулау мен жоюға бөлінетін қаражат көлемі 53%-ға өскен

Мәжіліс депутаттары әзірлеген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы қоғамдық талқылауға салынды. Қоғамдық талқылауға депутаттар, еліміздің түрлі салалық қауымдастық, БАҚ өкілдері, тұрғындар қатысты, деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Inucobo жануарларды қорғау жөніндегі республикалық қауымдастық басшысы Лилия Сәрсенова пікірталас барысында соңғы жылдары өңірлерде қаңғыбас жануарлардың санын азайту мәселесін шешу тұрғысында еш өзгеріс жоқтығын атап айтты.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде еліміздің бес өңірінде қаңғыбас жануарлар санының өсуі – 21%. Ал хайуандады аулау мен жоюға бөлінетін бюджет қаражаты 53%-ға өскен.

"Жыл сайын әкімдіктер жануарларды аулау мен жоюға бюджеттен көп қаражат сұрайды", – дейді ол.

Іс-шара барысында қатысушылар "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасының нормаларын жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты. Тұрғындардың ұсыныстарын қабылдау процесі апта бойы жалғасады.

Мысалы, ұсыныстардың ішінде, кинологтарды оқытуға арналған арнайы оқу орындарын құру, қалаларда иттерді серуендететін жер белгілеу, т.б. бар.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, ілеспе заң жобасында 300-ге дейін норма енгізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу