Зообақтың бұл қулығы әшкере болып, адамдар билетке төлеген ақшаларын кері қайтаруды талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі Daily Mail порталына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сенсек, сирек кездесетін және экзотикалық жануарлардың отаны саналатын Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шаньвэй қалалық округінде хайуанаттар бағы бар.
Таяуда зообақта туристер өздері ойлағаннан да "сирек кездесетін жануарларды" кездестірген. Қоршауда қара және ақ түсті кішкентай пандалар жүгіріп жүрген, бұл жағдай хайуанттар бағына келушілердің назарын аударған.
Өйткені панда табиғатынан ақырын қозғалатын, жалқау жануарлар. Сондықтан мұқият қарай келе, адамдар олардың боялған Чоу-Чоу тұқымды иттер екенін анықтады.
Көп ұзамай хайуанаттар бағының қызметкерлері қоршауда боялған иттер боялғанын мойындады. Алайда, мұнда ешқандай алдау жоқ екенін, қоршауда "панда-иттер" деген жазу барын көрсеткен. Дегенмен, хайуанттар бағына келушілердің кейбіреуі билет ақысын қайтаруды талап етті.