Хакерлер 40 мың адамның ақшасын қолды қылған

1132

Алаяқтар онлайн-банктердің жүйесіне еніп, жеке тұлғалардың құпия сөздеріне қол жеткізген.

Хакерлер 40 мың адамның ақшасын қолды қылған

Хакерлер әлем бойынша 40 мың адамды тақырға отырғызып, олардың 100 млн доллардан астам ақшасын ұрлаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Киберқылмыспен күресетін халықаралық топ осы оқиғадан кейін оларға қарсы қорғанысты күшейтуге кірісті. Алаяқтар арнайы GozNym /Гозним/деп аталатын бағдарламаны қолдану арқылы онлайн-банктердің жүйесіне еніп, жеке тұлғалардың құпия сөздеріне қол жеткізген. Күдіктілер – Грузия, Украина, Молдова және АҚШ азаматтары. Олар кінәсін әлі мойындаған жоқ.

Еуро одақтың құқық қорғаушылары аталған хакерлердің сыбайластары арасында Ресейдің де 5 тұрғыны бар деп отыр. Бірақ олар әлі қолға түскен жоқ.  

"Алаяқтар 5 мемлекеттің тұрғындарының млн-даған долларын үптеп кетті. Олардың арасында  АҚШ пен Еуропа елдерінің қаржы институттары, заңды және жеке тұлғалар да бар. Қылмысты әшкерелеуге бірнеше елдің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты", – дейді Пенсильвания штатының прокуроры Скотт Брейди.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу