Хакерлер елорда әкімдігінің Instagram-парақшасын бұзды

1043

Елорда әкімдігінің бұрынғы парақшасында 140 мыңнан астам жазылушы болған.

Хакерлер елорда әкімдігінің Instagram-парақшасын бұзды

Елорда әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің @akimat_nur_sultan ресми аккаунтының бұзылуына байланысты жаңа парақша аштық. Ендігіде ресми ақпараттарды @akimat_nursultan-ға салып отырамыз. Жазылыңыздар! Қала туралы ақпараттардан хабардар болып отырыңыздар", - делінген мәліметте.

Айта кетейік, елорда әкімдігінің бұрынғы парақшасында 140 мыңнан астам жазылушы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу