Хакерлер FBI-дың электронды поштасын бұзған

1169

Сарапшының пікірінше, олар құпия ақпаратты ала алмаған. 

Хакерлер FBI-дың электронды поштасын бұзған

Хакерлер АҚШ-тың Федералды тергеу бюросының (ФБР, FBI) электронды поштасын бұзды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Bloomberg дерегінше, хакерлер FBI атынан ықтимал кибершабуыл туралы "ондаған мың" хат жіберген.

Федералды тергеу бюросы мен Киберқауіпсіздік және инфрақұрылымды қорғау агенттігі (CISA) болған жағдайды растады.

"Бұл бұрыннан бар мәселе. Қазіргі уақытта жағдайға қатысты қосымша ақпарат бере алмаймыз", – деп мәлімдеді FBI. 

Бюроның бірнеше электронды пошта жүйесі бар. Сенбіде хакерлер "шабуыл жасап бұзған" электронды поштаны бөлім қызметкерлері қоғаммен байланысу үшін пайдаланған. Бұл туралы BlueVoyant киберқауіпсіздік компаниясының кәсіби қызмет бөлімінің басшысы Остин Берглас айтты. Ол мұндағы мәселе "құпия жүйені" бұзумен байланысты емес екенін атап өтті.

"Бұл құпия емес ақпаратты бөлісу және беру үшін қолданылатын тіркеулік жазба (учетная запись)", – деді сарапшы.

Остин Берглас FBI қызметкерлері құпия ақпаратты жіберу үшін жеке электронды пошта жүйесін пайдаланатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу