Хакерлер Instagram қолданушыларының деректеріне қол сұқты

945

Хакерлер Instagram қолданушыларының деректеріне қол сұқты

Хакерлер Instagram әлеуметтік желісінің қорғанысының әлсіз тұсын, яғни, аккаунттарға бекітілген электрондық поштаға және телефон нөмірлеріне қолжетімділікке мүмкіндік беретін функциясын тапты, деп жазады reactor.inform.kz.

Instagram өкілдері хакерлердің танымал аккаунттар иелерінің телефон нөмірлері мен электрондық пошталарын иеленіп алған бірнеше жағдай анықталғанын мәлімдеді. Осыдан кейін әлеуметтік желінің бағдарламашылары жіберген қателіктерін түзетті.

"Таяуда біз бір немесе бірнеше адамның пайдаланушылардың байланыс деректерін, атап айтқанда электрондық пошталары мен телефон нөмірлеріне заңсыз иеленгенін анықтады. Олар API Instagram қателігін пайдаланған. Хакерлер есептік жазбалардың құпия сөздеріе иелене алмады. Біз тез арада қателікті түзетіп, мұқият тексеру жүргіздік", - деп мәлімдеді Instagram әзірлеушілері The Verge басылымына.

Әлеуметтік желі бұзу фактісі орын алғаннан кейін өзінің барлық қолданушыларына ақпараттың жойылуы мүмкін екендігі туралы хабарлама жіберген. Instagram өкілдері хакерлердің өздері ұрлаған деректерді пайдалана отырып, танымал аккаунттарға қол жеткізуге талпынуы мүмкін екендігін ескерткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу