Хакерлер қазақстандықтарға тән парольдерді жатқа біледі

244

Елімізде жыл басынан бері 9 мыңнан астам қылмыстық іс кибералаяқтарға қатысты қозғалған.  

Хакерлер қазақстандықтарға тән парольдерді жатқа біледі Фото: when-password.com

Туған күніңіз немесе байланыс нөмері: Көпшілік жеке деректерін қорғау үшін әдетте осындай есте сақталатын оңай сандарды пароль ретінде қолданады. Мұны киберқылмыскерлер жақсы біледі, деп жазады inbusiness.kz cайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Киберқылмысқа қатысты 750-ге жуық адам жауапқа тартылды. Қылмыстың мұнша көбеюі сақтықты талап етеді.

"Әлемде адамдар жиі қолданатын парольдердің ең танымал 20 түрі бар. Бір қызығы, технология күн санап, қарыштап дамыса да көпшіліктің қиялы әлі де сол 123456 мен QWERTY-ден аса алмай жүр. Кейде осыған қарап адамдардың аккаунтын емес, өздерін қорғағың келеді", – деп хабарлайды телеарна.

Бір парольді бірнеше аккаунтка қолдану да үлкен қауіп төндіреді. Егер бір сервис бұзылса, алаяқтар қалған парақшаларға да оңай қол жеткізуі мүмкін. Сондай-ақ мамандар қосымша қорғаныс ретінде қос факторлы аутентификацияны қосуға кеңес береді.

"Егер де қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтық фактілері тіркелсе, міндетті түрде ресми қайнар көздерден тексеру керек. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері арнайы операцияларды WhatsApp желісі немесе қоңырау шалу арқылы арнайы операцияларды жүргізбейді", – дейді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.

Алаяқтар өз құрбандарының жынысына да, жасына да қарамайды. Кез келген азамат сан соғып қалуы мүмкін. Кибер алаяқтар мен хакерлердің құрбанына айналмаудың ең тиімді жолы – ақпараттық сауаттылықты арттыру. Бір сәттік сенім шығынға әкеліп соғуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу