Хакерлер сайлау кезінде ОСК интернет ресурсын бұзуға тырысқан

932

Хакерлер сайлау кезінде ОСК интернет ресурсын бұзуға тырысқан

ҚР парламенті сенаты депутаттарын сайлау кезінде сайлаушыларды онлайн тіркеу мен сайлау нәтижесін беру барысында Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына хакерлік шабуыл жасалды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы директоры Ерлан Қосмұратов айтты, деп хабарлайды naryk.kz.

"ҚР парламенті сенаты депутаттарын сайлау барысында пайдаланылған сайлаушыларды электронды тіркеу ақпараттық бағдарламасында техникалық іркілістер және аумақтық сайлау комиссиялары тарабынан ескертпелер түскен жоқ", — деді Ерлан Қосмұратов.

Оның айтуынша, еліміздің Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына ағымдағы жылдың 21-28 маусымы аралығында  қызығушылық өте жоғары болды және сайт 287199 рет қаралды.

"Дегенмен, 28 маусым күні сағат 13-13-те ҚР ОСК интернет ресурсына кибершабуыл жасау және оның мәліметтерін базасына санкцияланған кіру үшін әлсіз тұсын іздеу орын алғандығы белгілі болды", — деді директор.

Осы ретте ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев кибершабуыл жасауға тырысқан адамдарды жазалау қажеттігін атап өтті.

"Кеше біздің сайтымызға хакерлік шабуыл орын алды. Бұл тұрғыда бізде баяндама да бар. Сіздер техник ретінде дұрыс қадам жасап, ақпараттандыру саласындағы өкілетті органға жүгіндіңіздер. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Мұны кім жасауға тырысқандарды анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына құжат дайындап, шұғыл жіберу қажет", — деді Берік Имашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу