OurMine хакерлер тобының мүшелері америкалық CNN телеарнасының Фейсбуктағы аккаунтын бұзды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Mashable басылымының жазуына қарағанда, қаскөйлер CNN International және CNN Politics парақшаларын бұзған. Хакерлер телеарна парақшаларында өздерінің логотиптерін және дәстүрлі жазбасын қалдырып кеткен. Хабарламада: "Сәлем, бұл OurMine. Біз сіздің қорғанысыңызды тексердік. Ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз", - делінген. Жарты сағаттан соң Фейсбук әкімшілігі CNN қызметкерлеріне өз аккаунтарына кіру мүмкіндігін қайта қалпына келтіріп, хакерлер қалдырған жазбаны өшіріп тастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу