АҚШ-та криптовалюта туралы жаңалық жарияланғаннан кейін, биткоин құны құлдырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. Ресми дерек бойынша, биткоин бағасы 9%-ға төмендеген.
Қазір ол шамамен 32,8 мың долларға саудаланып жатыр (-9,26%). АҚШ-тағы ең ірі отын құбыры операторы Colonial Pipeline компаниясының DarkSide хакерлік тобына биткоиндермен жүзеге асырған төлемінің бір бөлігін қайтара алды деген жаңалықтан кейін нарықта кері динамика орнады.
Тергеушілер хакерлер пайдаланатын криптовалюта әмиянына түскен төлемді анықтаған. Олардың дерегі бойынша, хакерлер Ресейден әрекет еткен көрінеді. Тергеу аяқталысымен билік компанияға бірнеше миллион доллар көлеміндегі қаражатты қайтарып берді.
Colonial Pipeline компаниясы мамыр айының басында оған "вирустың" шабуыл жасағанын жариялаған еді. Компания сол кезде 4,4 миллион доллар көлеміндегі қаражатынын айырылып қалған болатын.
Табиғат Нұрболат