"Халал" шұжықтар мен консервілерден доңыз еті табылды

781

Доңыз етінің ДНҚ-сы Ресейден алынған сиыр еті консервілері мен жартылай ысталған "Мусульманская" шұжығынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халал" шұжықтар мен консервілерден доңыз еті табылды

Зерттеу нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сынақ зертханасы хабарлаған.

"Наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алды. Зерттеу барысында сиыр консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды. Жартылай ысталған "Мусульманская" шұжығы (дайындаушы: ЖК “Павлов А. С.”, Ресей, Башқұртстан Республикасы); стерильденген кесек етті консервілер "Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті" (дайындаушы: "Стандарт” Курганский мясокомбинат” ЖШҚ, Ресей, Қорған қ.); "Жоғары сұрыптағы бұқтырылған сиыр еті" стерильденген кесек етті консервілер (дайындаушы: "Орелпродукт" АҚ, Ресей, Орловск облысы). Сондай-ақ, етқұрамды, тартылған ет, стерильденген консервілер де бар. "Түскі астық доңыз еті" тауық-ДНҚ-сы табылды (өндіруші: Ресей, Мәскеу облысы, "Селятино" ет өңдеу зауыты)", – деп жазылған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен берілген ақпаратта.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты бұл өнімдер сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілген.

ҰСО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалау бойынша да бірқатар бұзушылыққа жол берген. Заттаңбада көрсетілген сипаттамалар іс жүзінде құрамымен сәйкес келмейтіндігі анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу