Халал туризм туристердің таңдауы түсетін елдердің негізгі табыс көзі болмақ

1227

Халал туризм туристердің таңдауы түсетін елдердің негізгі табыс көзі болмақ

Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы халал туризм нарығы жылына 300 миллиард долларға жетеді және мұсылман саяхатшылардың таңдауы түсетін елдердің дамуының қозғаушы күшіне айналады. Мұсылман туристерінің өсу көрсеткіші туралы алғашқы жан-жақты есепті Mastercard ұсынды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Қазіргі уақытта әлемде бір миллиардтан аса жастар ислам дінін ұстанады. Дәл осылар туристік қызметтің негізгі тұтынушылары болып табылады.

"Мұсылман жастары арасындағы туризм ерекше қарқынмен өсуде. Бұл саяхатшы жастардың өз ата-аналарына қарағанда әлдеқайда экзотикалық бағытта қызығушылықтары жоғары және шетелдерге шығуды жиі таңдайтынын көрсетеді. Алдағы 5-10 жыл ішінде мұсылман туристік нарығы табыс, шығын және саяхат көлемімен ең жоғары көрсеткішке шығады",- деді CrescentRating және HalalTrip бас директоры Фазаль Бахардин.

Мұсылман туристерінің таңдауына ілінген елдер отбасылық демалыс, қауіпсіздік және халал өнімдерінің қол жетімділігі бойынша бағаланады.

Айта кетсек, Саудия, Малайзия, Индонезия мен Түркия секілді туристік бағыттағы ең танымал елдер тізімінде Қазақстан бесінші орынға жайғасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу