Финляндия төртінші жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел атанды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы World Happiness Report құрған тізімге сілтеме жасап.
World Happiness Report баяндамасын БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдерін іздеу жөніндегі бөлімшесі жыл сайын жасап тұрады. Мамандар әлемнің 149 ел бағалаған. Өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, сыбайлас жемқорлық және тағы басқа критерийлер ескерілген. Мұндай тізім алғаш рет 2012 жылы жарияланған болатын.
Халқы ең бақытты он елдің қатарына биыл Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланд, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия енген. Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ 14-ші, Британия 18-ші, Франция 20-орында. КСРО құрамында болған елдер арасында Эстония (28-ші) мен Литва (29-шы) көш бастап тұр.
Қырғызстан 33-ші, Латвия 34-ші, Қазақстан 36-шы, Молдова 49-шы, Ресей 60-шы, Тәжікстан 62-ші, Украина 69-шы, Грузия 73-ші орында.
Ал ең бақытсыз елдер болып Зимбабве (тізімнің ең соңында) және Танзания танылды.
Табиғат Нұрболат