"Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтуге көмектеседі" – Асқар Мамин

866

Премьер-Министрі Асқар Мамин ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады  

"Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтуге көмектеседі" – Асқар Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандастарын 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

"Құрметті отандастар, баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке біздің ең асыл құндылығымыз – береке-бірлігіміздің символы. Көпұлтты қоғамның ынтымағының арқасында Қазақстан өзінің ықылым заманғы тарихында талай қиыншылықты еңсеріп, кемел келешегіне нық қадам басып келеді.

Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтіп, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының даму жолын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Қазақстандықтарға, әрбір отбасына зор денсаулық, өзара сыйластық, бейбіт өмір мен игілік тілеймін!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу