Halyk әлемдік деңгейде Қазақстанның 2026 жылғы ең үздік бөлшек банкі деп танылды

388

Halyk қаржы нарығындағы көшбасшы мәртебесін кезекті мәрте растап, саладағы ең беделді халықаралық марапаттың бірі – Global Banking & Finance Awards®️ сыйлығына ие болды. 

Halyk әлемдік деңгейде Қазақстанның 2026 жылғы ең үздік бөлшек банкі деп танылды Фото: Halyk

Беделді халықаралық Global Banking & Finance Review басылымы Halyk-ты "Қазақстанның 2026 жылғы ең үздік бөлшек банкі" (Best Retail Bank Kazakhstan 2026) номинациясының жеңімпазы деп ресми жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Британдық басылымның сарапшылар алқасы Halyk-ты Орталық Азиядағы клиенттерге қызмет көрсету, инновациялар және цифрлық трансформация стандарттарын айқындайтын жетекші қаржы институты ретінде белгіледі. Сыйлықтың жоғары халықаралық мәртебесі лауреаттар тізімінен де көрініс табады: әр жылдары аталмыш беделді марапатты HSBC, Standard Chartered, DBS Bank және Bank of America секілді нарықтағы танымал банктер иеленген.

Рекордтық нәтижелер мен миллиондардың сенімі

Халықаралық деңгейде мойындалу бизнестің жоғары тиімділігімен дәлелденіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша банк 1 058 млрд теңгеден астам көлемде таза пайда тапты. Бұл нәтижелер миллиондаған қазақстандықтың сенімінің арқасында мүмкін болды: халық салымдарының көлемі 7,976 трлн теңгеге жетіп, елдің қаржы секторындағы ең жоғары көрсеткішке айналды, бұл банктің қаражатты сақтаудағы сенімді қаржы институты екенін растап отыр. Банк инновация саласындағы көшбасшылықтың арқасында тұтынушылық несиелер берудің 94%-ын цифрлық арналарға көшірді. Осылайша Halyk SuperApp қосымшасының 8,5 млн белсенді қолданушысына қаржы қызметтері күн сайын қолжетімді.

Сенім мен жаңашылдықтың белгісі

Бұл мәртебе Halyk-тың қазақстандықтар үшін ең ыңғайлы әрі қолжетімді қаржы құралдарын жасауға бағытталған клиентке бағдарланған стратегиясының табысты екенін айқындайды. Қазіргі таңда банк елдегі ең ірі қаржы институтының сенімділігі мен озық технологиялық компанияның икемділігін ұштастырып отыр. 

Сыйлық туралы

Global Banking & Finance Awards®️ – Global Banking & Finance Review  (Ұлыбритания) басылымы тағайындаған жыл сайынғы халықаралық сыйлық. 2011 жылдан бері ол әлемнің үздік қаржы институттарын жаһандық қаржы секторындағы ерекше жетістіктері, инновациялары және айтулы өзгерістері үшін марапаттап келеді.

Halyk туралы

Halyk – Қазақстандағы жетекші қаржы тобы және ең ірі банк, ұлттық экономиканың негізгі драйверінің бірі. Республика бойынша ең кең филиалдық желіге ие (531 бөлімше), банк жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнеске, сонымен қатар ірі корпорацияларға заманауи қаржы қызметтерінің кең көлемін ұсынады. Halyk Bank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығы Moody’s (Baa1), Fitch (BBB-) жіне S&P (BBB-) секілді жетекші халықаралық агенттіктердің инвестициялық рейтингтерімен расталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу