"Педагогтардың мәртебесі мен кәсібилігі білім сапасына әсер ететін негізгі фактордың бірі. Мемлекет тарабынан педагогтарымыздың мәртебесін қолдау керек деген ұсынысты барлық жағынан қолдаймын. Оларды танымал адам етіп, қоғамда құрметке бөлеуіміз керек. Біз қазір педагогтардың еңбегіне арналған арнайы медаль тағайындаймыз. Одан бөлек "Халық алғысы" атты жаңа медаль жасалады. Ол білім беру, Денсаулық сақтау және жалпы әлеуметтік салада тыңғылықты әрі жемісті еңбек еткен мамандарға табысталады. Менің тапсырмам бойынша педагогтардың еңбекақысын алдағы 4 жыл ішінде 2 есе көбейту іске асады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚСК отырысында.
Есжан Ботақара