Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің хабарлауынша, исламтанушылар мен теологтардан құралған республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтары халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олардың құрамында жалпы саны 863 дінтанушы бар, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Дін мәселелері бойынша елімізде 1 республикалық және 249 өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді. Ақпараттық-түсіндіру топтарына 3,5 мың адам мүше. АТТ құрамында дін саласындағы кәсіби мамандар, дінтанушылар, теологтар, дәстүрлі дін өкілдерінен бөлек, жастар ұйымдарының, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, мәдениет және спорт саласының майталмандары, сондай-ақ халық қалаулылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бар.
АТТ-да республикалық және өңірлік деңгейде жұмыс істейтін адамдардың саны 863 құрайды. Олардың қатысуымен ағымдағы жылы 17 мың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Тұтастай алғанда іс-шараларға 1 млн 800 мың адам қатысқан.