Халық арасында вакцинаға қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

1455

"Қызыл" аймақта орналасқан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарындағы мобильді топтардың жұмысы әлсіз. Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. 

Халық арасында вакцинаға қатысты жалған ақпарат тарап жатыр

"Нұр-Сұлтандағы мобильді топ бір күнде 77 заңбұзушылық анықтаған. Ал Алматы қаласы мен Алматы облысында соңғы 18 күнде бірде-бір заңбұзушылықтың анықталғаны хабарланбады. Қызыл" аймақта орналасқан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарындағы мобильді топтардың жұмысы әлсіз. Олар 2 немесе 5 заңбұзушылық қана анықтап жатыр", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің мәлімдеуінше, өңір тұрғындары карантин шараларына атүсті қарайды, маска режимін сақтамайды, көпшілікке арналған орындарда топтасып бас қосады. 

"Халық арасында вирустың қаупі жоқтығы туралы немесе вакцинаның әлсіздігі туралы жалған ақпарат көп тарап кетті. Осының барлығы мемлекеттік органдардың індетпен күресте салған күш-жігерін жоққа шығарады", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу