"Халық Арена" мен "Алматы Арена" спорттық базасында ауруханалар ашылады

692

Алматыда стационарлық орын санын 4 мыңға дейін көбейту жоспарланған.

"Халық Арена" мен "Алматы Арена" спорттық базасында ауруханалар ашылады

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың айтуынша, қала бойынша коронавируспен күресу үшін барлығы 14 медициналық ұйым жұмылдырылды. Маусым айының басынан инфекциялық стационарларға жалпы 2132 пациент түскен. Оның 646-сы сауығып, ауруханадан шығарылса, 494 пациент амбулаториялық емдеуге ауыстырылған. Басқарма басшысы стационарлар жүктемесі артып, тәулігіне 100-ден аса адам госпитализацияланып жатқанын жеткізді. 

"Күніне жұқпалы ауруларды емдейтін стационарларға 100-ден астам адам түседі. Дәл қазір клиникаларға үлкен ауыртпашылық түсіп отыр. Инфекциялық орындар 85% - ға жүктелген. Біз бос орындардың бар-жоғына талдау жасап көрдік. Өкінішке орай, барлық нысандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарына сай емес. Біз жұқпалы және уақытша ауруханалардың сыйымдылығын кем дегенде екі есеге көбейту және төсек-орын санын 4000 орынға дейін көбейту міндетін алдымызға қойып отырмыз", – деді басқарма басшысы. 

Алматыда бастапқы кезеңмен салыстырғанда сационарлық орындар саны төрт есеге көбейіп, шамамен 2000 кереуетті құрайды. Енді шаһар әкімдігі оның санын 7 есе көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатта спорттық базалар пайдаланылады.

"Төсек-орындардың ұлғаюы басқа клиникаларды қайта құру жолымен жаңа ауруханалардың ашылуымен, сондай-ақ "Халық Арена" және "Алматы Арена" спорттық базаларында ауруханалар ашу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл кешендер инфекциялық қауіпсіздік талаптарына ең қолайлы болғандықтан таңдалды. Атап айтқанда, таза және лас аумақтардың ағынын қарастыратын ішкі аумақта секциялық бөлініс бар. Тағы бір маңызды артықшылығы – бір уақытта 500 немесе одан да көп пациентті орналастыруға болады, бұл адам ресурстарын ұтымды пайдалану тұрғысынан өте маңызды", – деді Камалжан Надыров. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу