Тазабековтің кемеңгерлігіне дән ризамыз – ҚМБД өкілі.

957

"Халық арна" телеарнасының жұмысы қандай болады?   

Тазабековтің кемеңгерлігіне дән ризамыз – ҚМБД өкілі.

ҚМДБ өкілі "Асыл арнаның" толық жабылатынын ресми мәлімдеді.

Алайда аталмыш каналдың контенті "Халық арнаның" игілігіне пайдаланылмақ. ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров "Асыл арна" басшылығына осындай "кемеңгер" шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

"Жалпы елімізде бір ғана діни арна жұмыс жүргізуі және ол мүфтияттың иелігінде болуы – құптарлық іс. Осы ретте "Халық арна"  ашылғандықтан, әрине, "Асыл арна" телеарнасының жабылатынын жеткізгім келеді. Бұл жөнінде "Асыл арна" директоры  Тазабеков Мұхамеджан Оразбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Ғұламалар кеңесінің отырысына келіп мәлімдеді. Тірнектеп жинаған контенттік ақпаратын "Халық арнаға" толық тапсыратынын айтты. Мұхамеджан Оразбайұлына осындай кемеңгерлік  көрсеткеніне біз дән ризамыз", –  деді діни басқарма өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу