Қазақстанның алтын дауысы, Халық әртісі, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы шығармашылық жолынының 30 жылдық мерейтойына орай Париждегі атақты Гаво залында жеке концертін өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біржан мен Сара", "Ер Тарғын" және "Абай" операларынан орындалған ариялар, сондай-ақ әншінің орындауындағы қазақтың халық әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сахна төрінде Майра Мұхамедқызымен бірге пианист Әлияр Өтетілеу мен Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу