Халық әртістерінің үстемақы мөлшері артады

589

Бұрынғы КСРО-ның "Халық" құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлер үшін үстемақы мөлшері артады.  

Халық әртістерінің үстемақы мөлшері артады Фото: turkystan.kz

Мәдениет және спорт министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz.

Қаулы жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражатты қажет ететіні көрсетілген.

"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қосымша қажеттілік 11 584 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

  • 2023 жылға − 3 144 мың теңге;
  • 2024 жылға − 3 843 мың теңге;
  • 2025 жылға − 4 597 мың теңге.

Жергілікті бюджеттен қосымша қажеттілік 2023-2025 жылдарға 4 906 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

  • 2023 жылға − 1 628 мың теңге;
  • 2024 жылға − 1 628 мың теңге;
  • 2025 жылға − 1 650 мың теңге", - делінген қаулы жобасында.

Құжатқа сәйкес, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Халық" құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлер үшін үстемеақыны базалық лауазымдық жалақыдан 50%-дан 100%-ға дейін арттыруды, ал бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының "Еңбек сіңірген" құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлер үшін базалық лауазымдық жалақыдан өзгеріссіз 30%-ға дейін қалдыруды көздейді.

Құжатты дайындаудың негізгі мақсаты мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалау, өнер қайраткерлерінің кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіру делінген.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 ақпанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу